Адалдық сағаты
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қазанында қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өңірлердегі мемлекеттік органдар мен еңбек ұжымдарында, жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде жалпы республикалық «Адалдық сағаты» іс-шарасын ұйымдастыру көзделді. Осыған орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 15.10.2019 жылы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мекеме директоры Қ.Башенова ұжым алдында тақырыпқа сай баяндама оқыды. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері мен онымен қалай күресу туралы айтылды. «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасының негізігі бағыттар мен мақсаттарын ашып түсіндіріп берді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен президентіміз Қ.К.Тоқаевтың сыбайлас жемқорлық туралы сөздерін мысалға ала отырып, бұл дертпен бүкіл ел болып, жұрт болып күресудің маңызы зор екендігін нақтылап айтты.