Архив қызметкерлері кезекті аттестациядан өтті
Бүгін Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері кезекті аттестациядан өтіп, өз білімдерін сынады. Мұнда негізінен 2018 жылы жаңартылған Ұлттық архив заңы, архив құжаттарын сақтау, жинақтау және пайдалану қағидалары, электронды құжат айналымы, «Архивтік анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша дайындалған тест сұрақтары берілді. Екінші кезеңде олардың қызметіне байланысты комиссия мүшелері ауызша сұрақ-жауап алды. Барлық қызметкерлер аттестацияны ойдағыдай тапсырып, өз біліктіліктерін көрсетті.