“АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ” ЖОБА АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

image_pdfimage_print
Мәдениет және ақпарат Министрлігінің бастамасымен 2022 жылы «Балалар жылына» орай «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жобасы бастау алған болатын. Игі дәстүр биыл да жалғасын тапты.
📌 Жобаның мақсаты архив құжаттарын пайдалана отырып, өңіріміздің тарихын зерттеуге оқушыларды, студенттерді, жас зерттеушілерді кеңінен тарту, іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.
✒️ Отанға деген патриоттық сезімін ояту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру, «архивист» мамандығының маңыздылығы мен қызығушылықты арттыру, өскелең ұрапқты ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.
📍Биыл «Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күніне орай «Қайта жаңғырған тарих: зұлмат жылдар халық жадынан өшпейді» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
🔖Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы басшысы Руслан Маскауович, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қ.Дәурембеков, журналист Е.Әбдиев, Тараз қалалық мемлекеттік архивінің директоры Н.Серікбаев, облыстық архив директоры мен бөлім басшылары, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының тарихшы-ғалымдары мен студенттері қатысты.
🧷Дөңгелек үстел барысында 2020 жылдың 24 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын – сүргінге ұшыраған азаматтарымызды одан әрі ақтап, жазықсыз жазаланған жандарды нақтылап, тарих алдында ақ – қарасын айқындау мақсатында құрылған өңірлік комиссиялар жұмысы таныстырылды.
📎Шара соңында облыстық архив сақтауындағы ашаршылық, ұжымдастыру, тәркілеу, депортация, әскери тұтқындарға қатысты құжаттық негізде көрме көпшілікке таныстырылды.

You may also like...