«Е-ЗАҢ КӨМЕГІ» ЗАҢ КӨМЕГІНІҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

image_pdfimage_print
Бүгінгі таңда, азаматтардың заң көмегін көрсету үшін жүгіну үрдісі оны алу құралдарына оңай және уақтылы қол жеткізуді талап етеді.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының (бұдан әрі – заң) 24-бабына сәйкес заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) болып табылады.
АЖ заң көмегін көрсететін тұлғалар үшін де, оны алатын азаматтар үшін де функционалдылықтың үлкен спектрін қамтиды.
Мысалы, АЖ кез-келген пайдаланушыға, соның ішінде iOS және Android платформаларында қол жетімді қосымша арқылы өмірлік жағдайларды шешу үшін заңды қоғамдастыққа құқықтық сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Заңның 26-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар үшін онлайн, оның ішінде мобильді қосымша арқылы құқықтық кеңес алу функционалы көзделген (бұл ретте АЖ кейбір тармақтары бойынша азаматтың ХӘОТ тиісті санатына жататынын автоматты түрде айқындайды).