БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

image_pdfimage_print
2024 жылғы 30 сәуір күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ғимаратында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Сайлау процесінде құқықтық сауаттылықты арттыру тәсілдері мен іс құжат айналымын жетілдірудің әдістемелік көмек негіздері» тақырыбы бойынша өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинары өтті.
Семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мамандары Г.Кулибаева және Д.Атышева, Жамбыл облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Ж.Берлібай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жолданымдарды талдау және бақылау бөлімінің аға прокуроры Е.Кенбаева, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Б.Байхожаев және заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистрі А.Аппазовтар қатысты.

You may also like...