Туған жер тарихын тану – өлкеңді танудан басталады

image_pdfimage_print

Архивтің тарих қазынасы екені кімге де болса мәлім. Сондықтан да «Туған елге тағзым» жобасы аясында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары облыс тарихын айғақтайтын Жамбыл облысының мемлекеттік архивіне келді. Бұл экспедицияның басты мақсаты – оқушылар бойына патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, Қазақстанның тарихы, географиясы, мәдениеті мен салты туралы кеңінен таныстыру. Бір өңірдің оқушыларына екінші өңірдің тарихи құндылықтарын көрсету.

Бұл ретте облыстық архивтің қызметкерлері 17-22-маусым аралығында Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшы қызметін атқарғанына 30 жыл толуына орай елімізде өтіп жатқан апталыққа дайындалған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Елбасы жолы-дара жол» атты құжаттар көрмесін, архив сақтауындағы көне құжаттар мен кітаптарды келген қонақтар назарына ұсынды.

ҒАА және құжаттарды жариялау бөлімінің басшысы Н.Қожамарова тарихымыздан сыр шертетін архивтегі мөрлер тарихын, майдан хаттарын, кәмпеске науқандарын, ашаршылық кезеңдерін, Елбасының Жамбыл жеріне іс-сапаарларының көріністері туралы Ақтөбе және Көкшетау қалаларынан келген қонақтарға баяндады. Келген қонақтармен пікірлесіп, дөңгелек үстел басында оларға ұнаған, қызықты болған деректер туралы пікір алмасты. Оларды ең қызықтырғаны – Совет Одағының Батыры Амантай Дәулетбековтің архивте сақтаулы орта мектепті аяқтағаны туралы 1940 жылғы куәлігі, Тұрар Рысқұловтың Ташкент қаласындағы мұғалімдер даярлайтын оқуға емтихан тапсырғандағы жазба диктанты.

You may also like...