«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІ КЕЗЕҢІНДЕГІ АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Отандық архив ісін реттейтін Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңы 1998 жылы 22 желтоқсанда бекітілген. Енді міне, 22 желтоқсан – архившілердің заңды кәсіби мерекесі болып белгіленді. Осыған орай Алматы қаласы мемлекетітк архивінде үлкен конференция болып өтті.
Конференцияға Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің басшысы Бораш Қуат Қахарманұлы арнайы келді. Сонымен қатар өңіріміздің түкпір-түкпірінен архив саласының басшылары, ардагерлері мен мамандары қатысты.
Республикалық конференцияға қатысушыларға Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған Алматы қаласы мемлекеттік архивінің қор құрушыларының портреттік аллеясы, еліміздің мемлекеттік архивтерінің «Архив ісінің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері», «Ең басты игіліміз – Тәуелсіздік», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары», «Жауһар жәдігерлері» тақырыптық-экспозициялық көрмелері таныстырылды.
Форум соңында «Архившілер күні» кәсіби мерекесіне орай «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен, Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Қабылбекқызы «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.