“ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЗБА МҰРАЛАРДЫҢ РЕСТАВРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ” АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРБИЕЛІК СЕМИНАР
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттама басқару комитетінің “Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы” РММ-нің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 қарашасына белгіленген “Қазақстандағы жазба мұралардың реставрация және сақтау мәселелері” атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік семинарға Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің “Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есебін жүргізу” бөлімінің Бас қор сақтаушы-бөлім басшы Ж.Ә.Есентаева мен архивист С.Б.Секирбекова қатысып, іс-сапар барысында Ұлттық орталықтағы реставрация мәселелері және көрме залы мен реставрация және консервация бөлімінің жұмыстарымен танысып, тәжірбие алмасты.