АЛДА ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпарат тақтасына 2021 жылдың 1-30 қазан күндері өтетін Ұлттық халық санағы жөнінде эскиздер орналастырылды. Мекеме қызметкерлері мен мекемеге келген әрбір тұрғын осы ақпараттан хабардар болып, халық санағынан тыс қалмауы тиіс.
Халық санағы Тәуелсіз Қазақстан тарихында үшінші мәрте ұйымдастырғалы отыр. Он жылда бір рет өткізілуі тиіс санақ 2020 жылы пандемияға байланысты кейін шегеріліп, биыл, яғни алдағы күз айларында өткізіледі.