Вакциналау науқаны ұйымшылдықпен өтуде

image_pdfimage_print
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау науқаны басталып кетті. Ең алдымен инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық көмек қызметі, жан сақтау, қабылдау бөлімдері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы қызметкерлер вакцина алады. Кейіннен жалпы білім беру мектептеріндегі, жоғары оқу орындарындағы педагог мамандар мен бірінші кезеңге кірмеген медицина қызметкерлеріне екпе салынуы жоспарланып отыр.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші Жамбыл облысы мемлекеттік архив қызметкерлері де КВИ-ға қарсы “Спутник V” вакцинасын қабылдады. Вакцина салу ерікті түрде жүргізілді. « Өз өміріміз бен жақындарымыздың денсаулығы үшін батыл қадам жасайық» дескен мекеме ұжымы ұйымшылдық көрсете отырып, қауіп-қатердің жолын кесетін вакцинаны өзгелердің де қабылдауын жеткізді.

You may also like...