Суреттерде өткен күннің ізі бар…
Европаның екі дүркін чемпионы Серік Керімбекұлы Қонақбаев мына суреттерде небәрі 20 жаста. Бұл суреттерді облыстық «Еңбек туы» газетінің фото-тілшісі Орлик Николаевич Ким 1979 жылы түсірген. Мұнда Жамбыл гидромелеоративті институтының студенті Серік Қонақбаевты ГФР-дың «Кельн» қаласында өткен Еуропа чемпионатында қазақ боксшылары арасынан тұңғыш рет еуропа біріншілігін жеңіп, европа чемпионы болуымен жамбылдықтар құттықтап, қарсы алуда. 1981 жылы Дүниежүзі боксының майталман мамандары Серік Қонақбаевты әлемнің үздік әуесқой боксшысы деп мойындаған. 1959 жылы 25-қазанда Павлодарда дүниеге келген боксшы Жамбыл жерінен тәлім алғаны бізді, жамбылдықтарды, ерекше қуантады. Серік ағамыздың ізімен Жамбыл облысынан Болат Жұмаділов, Ермахан Ибраимов, Болат Ниязымбетов, Бахтияр Артаев сынды олимпиада чемпиондары әлемдік бокста өз есімдерін мәңгі қалдырды. Биылғы жылы даңқты боксшы 60 жасқа толады екен.