БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР – БІР ХАЛЫҚ
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1-наурызды елімізде “Алғыс айту күні” деп алғаш жариялағанына 5 жыл толуына орай Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінде «Бір ел – Бір тағдыр – Бір халық» атты құжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Құжаттар көрмесіне Жамбыл облысы мемлекеттік архивінде сақтаулы облыстық партия комитеті, облыстық атқару комитеті жанындағы арнайы эвакуацияланғандар бөлімі, Ассамблеяның құжаттары қойылды. Онда соғыс жылдары Солтүстік Кавказдан Қазақстанға, Жамбыл жеріне жер аударылған шешен-ингуш ұлттары туралы, 1946 жылғы балалар үйіндегі поляк ұлты балаларының тізімі, эвакуацияланған коммунистердің тізім, Харьков қаласынан эвакуацияланған отбасылардың тізімі, жер аударылғандарды аудандарға бөлу туралы, 1943 жылы Қордай ауданына эвакуацияланғандарды жұмысқа орналастыру туралы баяндамалардың, поляк ұлты туралы 2020 жылы архив құжаттары негізінде жарық көрген «Қоныстанушылар» атты кітаптар қойылды.