«ҒЫЛЫМИ-АНЫҚТАМАЛЫҚ АППАРАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖАРИЯЛАУ» АТТЫ СЕМИНАР

image_pdfimage_print

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Мәжіліс залында «Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау» атты тақырыбында семинар-сабақ өтті.

 

Карантиндік талаптарын сақтай отыра өткізілген семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Кисикова Айгүл Мадешқызы, Тараз қалалық, Жуалы, Талас, Сарысу, Байзақ, Жамбыл аудандық мемлекеттік архивінің қызметкерлері қатысты.

Алғашқы сөз кезегін Архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы Кисикова Айгүл Мадешқызы алып, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, ақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары» бойынша жұмыс жүргізу керектігін баса көрсетті.

Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды жариялау бөлімінің басшысы Сағындық Зейнуллаұлы арнайы дайындалған слайд бойынша, ғылыми-анықтамалық аппарат құру тәртібі, тізімдеменің анықтамалық аппараты, алғысөз, жөнсілтер, каталог, сілтегіш, шолулардың заңдық тұрғыда жасалуына анықтама берді. Семинар барысында сұрақтар қойылып, атқарылатын жұмыстар талқыланды. Іс-шара 13 қараша күні де өзге аудандық архивтердің қызметкерлеріне өткізіледі.

You may also like...