Е-АРХИВ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛҒАН МЕКЕМЕЛЕРГЕ ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоспарға сәйкес 2020 жылдың 04 қарашасы күні сағат 11.00-де жинақтау көздері тізіміндегі «Е-архив ақпараттық жүйесі» орнатылған мекемелерге Электронды құжат айналымы, электронды құжаттарды қалыптастыру, есепке алу, мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібі бойынша семинар сабақ («ZOOM» бағдарламасы арқылы) ұйымдастырды. Семинарға 40 мекеменің қызметкерлері қатысты.
Семинар сабақта «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті” республикалық мемлекеттік мекемесінің «Е-архив ақпараттық жүйесіне» жауапты маман Х.Ж.Мырзагулова істер номенклатурасы бойынша және т.б сұрақтар қойып, оған архив қызметкерлерінен толық жауап алды. Тақырып бойынша өзге де сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар берілді.