«КЕДЕЙ ЕРКІ» – «ЕҢБЕК ТУЫНЫҢ» ТҮП ТӨРКІНІ

image_pdfimage_print

«Кедей еркі» газеті – «Еңбек туының» түп төркіні. Газет қазақ және орыс тілдерінде шыққан. Ол кезде қағаз жетіспегендіктен екі тілде бір газет шығаруға мәжбүр болған. 1922 жылы 1 май, дүйсенбі күні жарық көрген «Кедей еркі» газетінің бірінші номерін Ташкент қаласының архивінде.

Әулиеата еңбекшілері кезінде «Кедей еркін» өте қуанышпен қарсы алды. Оның бірінші санында газетті құттықтап жазған өлең басылған. Бұдан 48 жыл бұрын облысымызда қазақ тілінде тұңғыш рет шыққан газетке қуанышты сезім білдірілген.

Сонымен қатар, «Бесжылдық үшін», «Кәсіподақ жаршысы», «Әулиеата жаршысы» сынды өзге де басылымдар Әулиеата жерінде жарық көріп отырған.

You may also like...