Көкірегі көмбе, қазына қария еді…
Ұлы Отан соғысының ардагері 20 жасында соғысқа аттанып, Отан қорғау жолында жан аямай шайқасып, Ұлы Жеңіске үлес қосқан және архив саласында 1979-1987 жылдар аралығында басшылық қызмет атқарған Халилулла Дармаханов атамыз 98 жасқа қараған шағында өмірден озғанына да бүгін 14 күн болды.
Халилулла Дармаханов – 1922 жылы 19-қазанда Шымкент облысы, Түркістан ауданы, Сауран ауылында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. 1942 жылы Пенза қаласының әскери училищесін бітіріп шығып, қазан айында майданға аттанады.
Майданнан оралғаннан кейін 1945-1946 жылдары Ленинград қаласында офицерлік құрамның біліктілігін арттыру курсында, 1953 жылы жергілікті әскери басқармасының орталықтандырылған офицерлердің біліктілігін арттыру курсында, Мәскеудегі азаматтық қорғаныстың орталықтандырылған жоғары курстарында екі рет (1964, 1970 ж.ж.) оқыды. 1947-1949 жылдары саяси кешкі университетін, 1959 жылы Қазақстан Орталық партия комитетінің жоғарғы партия мектебін, 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған.
Қызыл жұлдыз орденімен екі рет, 15 медальмен, 2 рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен марапатталған. 1942-1950 жылдары бөлімше командирі, 1950-1955 жылдары аудандық әскери комиссариат бастығының орынбасары, ал 1955-1963 жылдары әскери комиссариаттың басшысы, 1963 жылдан бастап облыстық азаматтық қорғаныс штабы бастығының орынбасары, ал 1965-1979 жылдары аралығында осы штабтың бастығы, 1979-1987 жылдар аралығында Жамбыл облыстық советі атқару комитетінің мұрағат бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Одан кейін де 1988-1996 жылдар аралығында архив саласында қызмет атқарып Жамбыл облысының архив саласына өркендеуіне және аудандық архивтердің ашылуына өз үлесін қосып, онда тарихи құжаттардың жинақталуына, сақтаулуына еңбек етті.
Жамбыл облысының құрметті азаматы, әскери тәртіп пен партия мектебінде шыңдалған басшы архив саласында да көптеген шәкірттер тәрбиеледі.
Халилулла Дармахановтың жарқын бейнесі мәңгі есімізді сақталады. Иманы салауат, топырағы торқа болсын!
Жамбыл облысы мемлекеттік архиві ұжымы.