Архив-2025: Әулиеата өңірі терең зерделеуді күтеді

image_pdfimage_print

XIX ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік өңір, соның ішінде Әулиеата жер Ресей қарамағына толықтай өтті. Патша үкіметі 1867-1868 жылдары бірқатар әкімшілік реформалар жасады. Қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа бөлінді. Олар: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір. Генерал-губернаторлық облыстардан тұрды. Түркістан құрамына Жетісу мен Сырдария облыстар кірді. Әулиеата уезі Сырдария облысы құрамына еніп, Әулиеата қаласы уезд орталығы саналды. 1897 жылғы санақ бойынша Әулиеата да 11,7 мың халық тұрды.
1900 жылы Петерургтен шыққан үлкен энциклопедияда Әулиеатаның әлеуметтік-экономикалық сипаты туралы жазылған. Онда қалада бау-бақша, шіркеу, екі приход мектебі, орыс-түземдік, қолөнер мектебі орналасқан.

Жоғарыда аталған бау-бақша әскербасының иелігінің жанында орналасып, Садовая (қазіргі Бейбітшілік) көшесімен қиылған еді. Ол бау-бақша өз заманының зиялы қауымы үшін арналып, серуендеуге арналған бірден-бір орын болып табылған.

Темір жол торабтарынан алшақ қалған Әулиеата экономикалық тұрғыдан артта қалған қала болды. Тек 1917 жылы Арыс темір жол бағыты Бурное стансасына жеткізіледі.
Дәрігерлік көмекті алғашында Әулиеата бекінісін алу кезінде әскер бөлімшелердің дәрігерлері атқарса, кейіннен әскери лазарет бұл қызметке жауапты болды. Ал 1868 жылдан 1907 жылдың мамыр айы аралығында дәрігерлік көмекті уезд дәрігеріне сеніп тапсырылды.

Қаланың сол кезеңдегі экономикалық және мәдени дамуы жайында мағлұматтарды А. Добромысловтың 1912 жылы жарыққа шыққан «Города Сырдарьинской области» еңбегінен ала аламыз.

You may also like...