ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ӘРҚАШАН ДАЙЫН!

image_pdfimage_print

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі қызметкерлерінің жылдық жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының жинақтау көз тізіміне енгізілген прокуратура, ауыл, су және орман шаруашылықтары салаларындағы мекемелерге әдістемелік көмек және кеңес көрсетілді.

Мекеме қызметкерлеріне жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысының «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 қаулысының «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын» басшылыққа ала отырып, әдістемелік көмек және кеңес көрсету арқылы жүзеге асырылды.

You may also like...