«АБАЙ – АСЫЛ ОЙДЫҢ ДАНАСЫ»

image_pdfimage_print

Биылғы жыл еліміздің рухани әлемі үшін ерекше жыл. Биыл өлең сөздің патшасы хакім Абайдың туғанына – 175 жыл толып отыр. Осыған орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың басында ел газеті – «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан»мақаласында Абай сөзінің, Абай ілімінің бүгінгі заман үшін көкейкестілігі кеңінен сөз болды. Еліміздің барлық баспа беттерінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, жастар, ұлт зиялылары ұлы Абайдың тағылымы жөнінде толғана ой қозғауда.

Осыған орай Жамбыл облыстық архивінде өткен «Абай – асыл ойдың данасы» атты іс-шараға Алматы қаласынан Орталық мемлекеттік архивінің директоры Арнұр Жасабекұлы Қарымсақов пен директордың орынбасары Мәрзия Ғаниқызы Жылысбаева, архив құжаттарын жариялау бөліміндегі архивші Омаров Бақдәулет пен баспасөз хатшысы Гайнуллаев Қуандық арнайы келіп қатысты.

Алдымен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары С. Мәдиева мен Орталық мемлекеттік архивінің директоры А. Қарымсақов облыстық архив пен Орталық мемлекеттік архиві арасында меморандумға қол қойылып, алда ортақ іс-шараларды бірлесіп атқаруға уағдаласты. Орталық мемлекеттік архивінің директоры Арнұр Жасабекұлы сөз алып ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Орталық мемлекеттік архив тарапынан көшпелі көрме бүгін Жамбыл жерінде, облыстық архивте өткізгелі отырғанын тілге тиек етті. Бұл еліміздің бас архиві тарапынан Абай тойына арналған алғашқы іс-шара екендігін атап өтіп, дөңгелек үстелге қатысушыларға сәттілік тіледі. “Архив-2025” бағдарламасы аясында өткен іс-шараға Орталық мемлекеттік архивінің директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева көшпелі көрмеге қойылған ұлы Абайға қатысты құнды дүниелермен, қолжазбалармен, сирек фото-суреттерді таныстырды. Ал, облыстық архив тарапынан ұсынылған облыстық «Сталиндік жол» газетінің 1945 жылғы санында жарық көрген Мұхтар Әуезов пен Бейсенбай Кенжебаевтың «Абай – қазақ халқының ұлы ақыны» атты көлемді дүниесіне жұртшылық қызығушылық танытты

Алдымен, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы Сәмән Құлбарақ Абай мұрасы жөнінде ой толғаса, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов Абайға арналған арнау жырын оқыды, «Құнанбай» фильміндегі Құнанбайдың анасы Зеренің рөлін сомдаған, облыстық қазақ драма театрының әртістері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Салықова Нұрсифат, Керейдің биі Сарыбайдың рөлін ойнаған Асқарбек Сейілқан киноға түсу барысында Абай ортасынан түйген ойларын ортаға салды. Архив ардагері Сатыбалды Досымбекұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін нәшіне келтіре шырқаса, жас архивистер Сағындық Зейноллаұлы мен Сандуғаш Қоңыратпаева ұлы ақынның қара сөздерінен үзінділерді жатқа айты.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға академик Ерлан Сыдықовтың Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасының «ЖЗЛ» сериясымен жарық көрген «Құнанбай» кітабының таныстырылымы өтті.

«Абай – асыл ойдың данасы» атты дөңгелек үстел өте тартымды өтті. БАҚ өкілдері белсене қатысты.

You may also like...