ТҮРКІСІБТІҢ “ШАШТАРАЗЫ”
1926-1931 жылдары аралығында әйгілі Түркісіб темір жолы құрылысы жүргізілді. Қазақ жерінде таспадай тартылған бұл алып құрылыс Орта Азия мен Сібірді жалғастырды. Кеңес Одағының сонау 30-жылдардағы ең алып құрылысы саналған бұл күре жол шын мәнінде өзнінің тарихи миссиясын атқарды.
Архив құжаттары 1929 жылы 19 шілдеде Алматы қаласына алғашқы пойызының келгенін айтады. Ал 1930 жылы Луговой станциясы мен Семей станциясы құрылыстарының аяқталып, Айнабұлақта түйіскенін айғақтайды. Осынау алып құрылыс қазақ даласында жұмысшы табын қалыптастырғаны сөзсіз. Мыңдаған адамдардың зор еңбегімен, қажыр-қайратымен іске асқан Түркісіб темір жол құрылысының ауқымды бөлігі Жамбыл облысы аумағынан өткен. Мына суретте 1930 жылы Мойынқұм станциясында түсірілген. Онда еңбеккерлер үшін киіз үйден шаштараз ашылып, тазалыққа да мән берілген.