ӘР ҚҰЖАТТА БІР ТАҒДЫР БАР

image_pdfimage_print

Архивтің негізгі жұмыстарының тағы бір түрі – халықтың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініш-тілектерін қанағаттандыру. Жыл сайын облыстық архив Қазақстан мен алыс және жақын шет елдерден жолданатын 4 мыңға жуық сұранысты қанағаттандырады. Халыққа қызмет көрсетуді қастерлі міндеті санайтын архившілер электронды желілерді тиімді пайданала отырып, белгіленген заңға және ережелерге сәйкес жұмыс жасауда. Бөлімнің жұмысы аса қауырт әрі жауапты. Сондықтан да бұл бөлімнің жұмысы үнемі басшылықтың назарында.Әлеуметтік сұраныстарды орындауда қателесуге болмайтындығын қызметкерлер жақсы түсінеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша архивтік анықтама береді: еңбек өтілі және жалақысы туралы, белгілі бір оқу орнында оқығандығы жайлы, «Еңбек ардагері», «Ана даңқы» ордендері мен медальдарымен наградталғандығы және тағы да басқа сұраныстарды орындайды.Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу біз ойлағаннан әлдеқайда оңай болды. Бұл архивтік анықтамаларды алудан да анық байқалады. Бұрындары архивтен анықтама алушылар мекемеге келіп немесе пошта арқылы сұраныс жолдап, уақыт жоғалтқан болса, жаңа талаптарға сай әрбір Қазақстан Республикасының азаматы еліміздің түкпір-түкпірінде отырып-ақ электронды-сандық қолтаңбасы арқылы EGOV.KZ электронды веб-порталынан автоматтандырылған онлайн жүйесімен архивтік анықтамаға тапсырыс бере алады. Бұл екі тараптың да уақытын үнемдеумен қоса, берілетін есептердің де санын азайтқан. Себебі электронды жүйе келіп түскен барлық сұраныстар бойынша талдау ақпаратын шығарады және әр сұраныстың орындалу мерзімін автоматты түрде бақылап отырады.

You may also like...