31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ⚜️«СОҒЫС ТҰТҚЫНДАРЫ ТУРАЛЫ»

image_pdfimage_print
Екінші дүниежүзілік соғысының тағдыры қайғылы әрі қасіретті. Еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Саяси-қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі» Жарлығының әскери тұтқындарға да тікелей қатысы бар. Тарихтың ақтаңдақтарын қалпына келтіру бағытында, қазақстандық әскери тұтқындардың біз білмейтін беймәлім тұстары қайта қылаң бере бастады. Осы тұста Жамбыл облысы мемлекеттік архиві 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске күніне орай лагерлер мен әскери тұтқындар туралы ақпарат ұсынады.
📌1945 жылдың күзіне қарай тұтқында болған және Германияға күштеп айдап әкеткен КСРО азаматттарының жалпы саны 6 миллион 810 мың 567 адам болды. Олардың 2 миллион 16 мың 480 адамы кеңес әскери тұтқындары еді. 1945 жылдың соңына дейін 5 миллион 352 мың 963 адам отанына қайтарылды.
📌Ал неміс тұтқындары туралы Жамбыл облысы аумағында сол кезенде №40,47 деген екі лагерьдің болғаны көрсетілген. Оның бірі -№47 лагерь Жамбыл қаласында 1945 жылдың қыркүйек айында бір айдай өмір сүрсе, екіншісі-№40 Қаратау станциясында 1945 жылдың кыркүйегінен 1948 жылға дейін жұмыс істеген.
📌Жамбылдық әскери тұтқындар есімі: Абильдаев Ицках,1918 жылы туған,қазақ,Жамбл облысы,№333 лагерьде қаза тапқан. Абишев Абубакир, 1918 жылы туған, Жамбыл қаласы, 10.02.1942 жылы қайтыс болған Воллштайн лагерінде қайтыс болған. Агибаев Серекбай,1916 жылы туған, Жамыбл облысы, 25.10.1941 жылы Вола лагерінде қаза тапқан. Алтембегов Еспол,1901 жылы туған,қазақ,Жамбыл облысы (Каленин), 10.04.1944 жылы Штаблак лагерінде қаза тапқан. Амаров Илья,1919 жылы туған, қазақ,Жамбыл облысы,23.08.1942 жылы 324 лагерьде қаза тауып, Мазовецка аралына жерленген. Амралиев Суранчи,1921 жылы туған,қазақ,Жамыбл қаласы,10.02.1942 жылы қаза тапқан. Ахметов Кадул, 1917 жылы туған, қазақ,Жамыбл облысы,06.01.1944 жылы қаза тапқан. Байбусумов Бейсембай,1922 жылы туған, Жамбыл,03.04.1944 жылы 333 лагерьде қаза тауып, Петрикау деген жерде жерленген. Байкулу Мафон,1916 жылы туған, қазақ,Жамыбл облысы,05.02.1942 жылы қайтыс болған. Бакиров Наби,1907 жылы туған, қазақ,Жамбыл облысы,21.02.1944 жылы қайтыс болған. Бакулдов Семет, 1912 жылы туған,қазақ,Жамбыл,03.02.1943 жылы қайтыс болған (Берген-Бельсен).Балпиков Сатбай, 1916 жылы туған, қазақ,Жамбыл облысы,20.07.1942 жылы 307 лагерьде қаза тапқан (Скробов). Бахтиқожаев Бақин,1920 жылы туған, қазақ,Жамбыл облысы, 02.12.1941 жылы қайтыс болған.Бейсебеков Сатылған,1922 жылы туған, қазақ, Жамбыл облысы. Бекмурзаев Сейдилда,1912 жылы туған,қазақ,Жамбыл қаласы,11.11.1944 жылы қаза тауып, Ламсдорф деген жерге жерленген. Билевай Атамарза,1915 жылы туған,қазақ,Жамбыл облысы,13.08.1943 жылы қаза тапқан.Богумбаев Копыргин,1918 жылы туған, қазақ,08.11.1942 жылы қаза тапқан (Сиедлце).Джурук Ботай, 1919 жылы туған, қазақ,Жамбыл қаласы, 11.10.1942 жылы қаза тапқан. (Хейдекруг).

You may also like...