image_pdfimage_print
2019 жылы алғаш бой көтерген Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында, орталықтың қорын толықтыра түсу үшін Шерағамыздың көзін көрген қаламдас бауырлары, жамбылдықтар өз кітаптарымен, оның суреттерімен, жекелеген жазбаларымен бөлісуде.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» КММ директоры Көсемәлі Сәттібайұлы Шерхан ағамыздан алған сұхбаттарын, онымен түскен суреттерін, әр жылдары жарық көрген кітаптарын мекеме қорына тапсырды.
Сонымен қатар, “77тв” телеарнасының журналистеріне Шерхан Мұртазамен кездесулерін, алғашқы алған сұхбатын еске алып, әдемі естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Шерағаңның есімімен аталған руханият орталығының жұмысына табыс тілей отырып, жекелеген ұсыныстарын айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған