⚜️ “АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА БЕРУ ТӘРТІБІ” ТУРАЛЫ СЕМИНАР-САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

📌 Облыстық архивтің бөлімдер арасында өзара тәжірбие алмасу мен біліктілікті көтеру мақсатында семинар-сабақтар ұйымдастырылып отырады.
📍 Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімі “Архив құжаттарын пайдаланушыларға беру тәртібі” атты тақырыпта семинар-сабақ өтті.
🔍 Семинар-сабақта құжаттарды цифрлы форматқа өткізу кезінде оны дайындау мен тексеру жұмыстары, зерттеушілерге, мекеме қызметкерлеріне құжаттарды беру тәртібі түсіндірілді.
#архив2025



«МАҚҰЛБЕК РЫСДӘУЛЕТ – ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР, ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХШЫ, ӨРЕЛІ ӨЛКЕТАНУШЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРБИЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Қарымды қаламгер, жазушы-журналист, өлкетанушы, архив саласының ардагері Мақұлбек Рысдәулеттің туғанына 75 жыл толуына орай тұлғаны еске алуға арналған «Мақұлбек Рысдәулет – қарымды қаламгер, тағылымды тарихшы, өрелі өлкетанушы» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы өтті.
Конференцияға облысымыздың бір топ зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, замандас достары, бірге оқыған курстастары, қызмет жасаған әріптестері мен үзенгілестері, көз көрген азаматтар қатысты.
Іс-шара барысында Мақұлбек Рысдәулеттің өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, естеліктерімен бөлісті.
Облыстық архивтің бөлім басшысы Ж.Есентаева «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» атты тақырыпта баяндама жасап, архив саласында атқарған еңбектеріне тоқталды.
Архив сақтауындағы Мақұлбек Рысдәулеттің жеке тектік құжаттарынан тұратын көрме ұйымдастырып, қонақтар назарына ұсынылды.
Шара соңында еске алу мақалалары, тұлғалық қасиетін ашатын ақпараттар, қаламгердің сұхбаттары мен зерттеу мақалаларынан тұратын «Өрелі сөзді өрнектеген» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болды.
#архив2025



⚜️ “АРХИВТІК ІСТЕРДІ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰЖАТТАМАЛАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ” ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ ӨТТІ.

Тамыз айының 9-жұлдызы күні Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде «Архивтік істерді және басқа да құжаттамаларды техникалық өңдеу» тақырыбында семинар-сабақ өтті.
📌 Семинарға мамандандырылған ауданаралық соттардың және аудандық соттардың архивке жауапты мамандары, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің Ұлтттық архив қорын толықтыру бөлімінің қызметкерлері қатысты.
🔍 Семинарда Ұлтттық архив қорын толықтыру бөлімінің бас сарапшысы Д.Атышева семинар тақырыбына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар соңында аталмыш мәселе бойынша сұрақтар қойылып, қызу талқыға салынды.
#архив2025



БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АРХИВ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

⚜️ Басқарма басшысы Нокрабеков Руслан Маскауович облыстық, қалалық, аудандық архив директорларының 2021-2024 жылдары атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.
📌 Жиналыста құжаттарды цифрлы форматқа көшіру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қанағаттандыру, құжаттарды есепке алу және жариялау бағытында атқарылған жұмыстармен қатар өзекті мәселелерде талқыланды.
#архив2025



БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ АРХИВТІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

⚜️ “Жамбыл облысы мемлекеттік архиві” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жақында Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасы құрамына өтіп, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы болып аталған.
✒️ Құрамына енген жаңа мекеменің ғимаратын, атқаратын қызметімен танысу мақсатында басқарма басшысы Руслан Маскауович Нокрабеков архивке ат басын бұрып, сала мамандарымен танысты.
📌 Мекеме директоры Л.Кожаханова және бөлім басшылары ақпаратты технология бөлімінің құжаттарды сканерлеу, желілік қойма қызметімен, құжаттарды сақтайтын қоймалармен және құжаттарды есепке алу бөлімінің қызметін түсіндірді.
#архив2025



КЕЗЕКТІ ҚОРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Комиссия мүшелері қор құрамындағы Зауыт аудандық кеңесінің құжаттарына тексеру жұмыстарын жалғастыруда.
#архив2025



“ЖЫЛ ШЕЖІРЕСІ: 2023” атты жылнамалық-шежіре жарық көрді.

Жамбыл облысының мемлекеттік архиві өңіріміздің экономикалық-әлеуметтік тыныс-тіршілігі туралы жылнама-шежіресін жазуды жалғастыруда. 2012 жылдын бастап әр жылдың шежіресі жеке кітап болып шығып келеді. Енді міне, жақсы істің жалғасы ретінде «Жыл шежіресі: 2023» атты кітапшаны қалың оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әр жылдың ерекше оқиғасы, жақсы жаңалығы мен айтулы күндері болады. 2023 жылда да ел есінде қалған оқиғалар мен жаңалықтарға толы болды. Кітапта айтылатын оқиғалар қысқа әрі нақты берілген.
Деректер мен дәйектер тарихшыларға, деректанушыларға, ғалымдар мен студенттерге, өлкетанушыларға, жылнамашыларға пайдалы дерек көзі болатындығы анық.
#архив2025