“АНАЛАР КҮНІ” МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚҰТТЫҚТАУ

2024 жылы 12 мамырда “Аналар күні” Қазақстанда алғаш рет аталып өтіледі.
📍 Ананың жасампаз қызметін арттыру, бақытты бала тәрбиелеу мен оны қолдауға бағытталған мереке аясында мекеме директоры қызметкерлерді құттықтап, ұжымға ізгі тілектерін білдірді.



ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАУЫНГЕР ЖАЗУШЫЛАР

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай “Жамбыл -Тараз” қоғамдық- саяси газетінің №36-37 (07.05.2024 ж.) санында “Жамбылдық жауынгер жазушылар” атты тақырыпта мақала жарық көрді.
#archive2025



ЕҢБЕК ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ ДЕ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ!

📍 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, облыстық архив директоры бастаған мекеме қызметкерлері еңбек және тыл ардагері, тарихшы, архив саласының ардагері Мұсабеков Кәрібек ақсақалдың үйіне барып, құттықтап қайтты.
📍 Кәрібек ақсақал өмірін халыққа қызмет етуге арнаған жан. 1937 жылы дүниеге келіп, соғыстан кейіңгі ауыр күндерді бастан кешті. Қиыншылыққ мойымаған ардагер атқарушы биліктің түрлі сатыларынан өткен. Шу аудандық архивін 1960 жылдары басқарған. Өзінің емес, өңірдің тарихын жетік білетін кеудесі шежіреге толы абыз ақсақал.



ЖАУЫНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

9 мамыр-Ұлы Жеңіс күніне орай басқарма басшысы орынбасары С.Мадиева мен мекеме директоры Л.Кожаханова “Жеңіс” саябағындағы Ерлік мемориалдық кешенінде жауынгерлер рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.



9 мамыр-ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ

ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ҰЛЫ ҚАСІРЕТІ
📍Адамзат тарихындағы ең бір зұлмат соғыстардың бірі – Екіншідүниежүзілік соғыс екендігі баршаға аян. Сол заманында алапат қуатты соғыс техникалары мен миллиондаған боздақтар қатысқан сұрапыл соғыс еш аяушылықсыз өтті. Большевиктер партиясының идеологтары Отанды қорғау үшін «Отан ана шақырады» деген ұрандар тастады. Отанды қорғауды өз борышы санаған қазақ халқы да майдан даласына кете барды. Үлкені де жасы да, егінші де малшы да, басшы да қосшы да жанын аямады.
📍Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда 12 атқыштар дивизиясы мен 4 ұлттық дербес атты әскер дивизиясы, 7 бригада, 50-ге жуық полк, батальон және өзге де әскери құрамалар жасақталды. Олардың бәрін киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етуде жамбылдықтар ерен еңбектің үлгісін көрсетті.
📍Облыстық архивтің партиялық атқару комитетінің 1943 жылдың қыркүйегіне дейін Жамбыл облысында және Жамбыл қаласында қандай әскери құрамалар құрылғаны туралы мәлімет сақтаулы. Осы мәліметке сүйенсек 1941 жылы маусым айында 678-жеке атқыштар батальоны құрылды. Осы жылдың тамыз айында 81-атты әскер дивизиясы жасақталды. Соғыстың басталған жылы облыс және қала тұрғындары үшін аса қауырт болғанын байқауға болады. Осы жылдың қараша айында Бас Қолбасшының бұйрығы бойынша біздің облысымызда 105-дербес ұлттық атты әскер дивизиясы жасақталды. Шілде айында дербес инженерлік-құрылыс батальоны Жамбыл қаласынан майданға аттанды. Осы жылдың соңында облыста газсыздандыру отряды құрылды.



7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!