«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ»ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ

Жамбыл облысы мемлекетік архиві қызметкерлерінің өзара тәжірбие алмасу, әр бөлімнің атқарып отырған жұмыстарын білу мақсатында өткізіліп жүрген семинар-сабақтың бүгінгі тақырыбы – «Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары» жөнінде өтті.



МӘДЕНИЕТ ҚҰРАМАСЫ АЛА ДОП АЛАМАНЫНДА АЛДЫҢҒЫЛАР ҚАТАРЫНДА

        Әуесқой командалар арасындағы шағын футболдан «Аmanat CUP» жастар турнирі өтті. Ала доп аламанында «Мәдениет» құрамасы II орынды иеленді.
        Турнир барысындағы белсенділігі мен ептілігі үшін Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Саят Қойшыманов «Үздік ойыншы» атанды.
Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
 



ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ АРХИВІ АҚПАРАТТЫ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚ




«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ: САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖЫЛДАРЫНДА» АТТЫ ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

       Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Жамбыл облыстық комиссиясының кіші жұмысшы топ құрамының атқарған жұмыстары жөнінде «Жамбыл облысы қуғын-сүргін жылдарында» атты жинақтың бірінші томы жарық көрді.
       Бұл кітапқа 1930-1950 жылдары жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың есімдері, оның ішінде ұжымдастыру, тәркілеу, ашаршылық, әскери тұтқындар туралы ақпараттар, мақалалар, баяндамалар енгізілген.
Жинақта Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қорынан алынған құжаттар мен қатар, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия мүшелерінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы қысқаша ақпараты қамтылған.
Кітап тарихшыларға, ғалымдар мен студенттерге, өлкемізді зерттеушілерге пайдалы болатыны сөзсіз.