15-ТАМЫЗ «ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ» ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУЫЛҒАН КҮНІ

image_pdfimage_print

Шәмші Қалдаяқов – аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитор. Ол – бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, халықтың қайнаған ортасынан шыққан аса дарынды, тума талант иесі, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған біртуар өнер иесі. Аты аңызға айналған дарабоз.
Облыстық архивте сақталған мына сурет оқиғасы 1990 жылы 24-желтоқсанда болған. Журналист Болат Мәуленов 60 жасқа толған Шәмші Қалдаяқовтан сұхбат алуға компазитор жатқан профилакторияға келген. Очерк-сұхбат газет бетіне екі-үш күннен кейін 27-желтоқсанда №248 санында жарық көріпті. Алайда мақалада Оразбек Бодықов туралы сөз жоқ. Ал архивте сурет бар… Жазушыны Жамбылға сол кездегі Мәдениет саласын басқарған Әлібек Әмзеұлы шақыртып, «Химпром»-ның профилакториясына жайғастырған екен. Мұнда профилактория басшысы Шәмші Қалдаяқовтың да жатқанын хабарлаған. Ұзақтан бері көрмеген досының осында екенін естіген Оразбек Бодықов бір жағы таңданып, бір жағы қуанып, қауышуға асығыпты. Сағынысып көріскен достық махаббаттың, адалдық пен бауырмалдықтың куәгері болған Әлібек Әмзеұлы бүгінде осы әдемі оқиғаны бізге жеткізді. Жазушы-драматург Оразбек Бодықов бұл жолы Жамбылға нашақорлар тағдыры туралы «Ит өлім» пьесасын жазуға келген. Суретті түсірген Орлик Ким
Мәтін авторы – Назым Кожамарова
Негізі: Жамбыл облысының мемлекеттік архиві,
Қ.73 Т.1 ж. Іс 835 (эл. құжат), облыстық “”Ақ жол” газеті, 27.12.1990 ж.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған