✍🏻«ҚАЙРАН ЕЛІМ ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ!» АТТЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ!
2025 жыл – Жамбыл облысында «кітап оқу жылы» болып жарияланды. Осыған орай, «Әулиеата – кітап оқитын өңір» атты жоба бастау алды.
Жобаның салтанатты ашылуы «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешеніндегі «Көркемсурет галереясы» залының ғимаратында өтті.
Мақсаты – өңір жастарын кітап оқуға баулу, мәдениетті адам болуы үшін рухани байлық – кітапты дәстүрлі түрде оқуына үлес қосу, жалпы жұртшылық пен жастарды ізденуге шақыру болып табылады.
Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, билер алқасы, журналистер, өңір тұрғындары, жастар мен архив қызметкерлері қатысты.
Жоба аясында өзге жазушылардың кітаптарымен қатар, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қорында сақтаулы газет тігінділері арасынан талантты жазушы, публицист Несіпбек Дәутайұлының өзекті мақалалары, эсселері енген «Қайран елім қазағым, қайран жұртым» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.