ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

image_pdfimage_print

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ-МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТЕРДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

Бұл міндеттің күрделілігі сол, ешкім ешқашан «мәңгі»сақталатын құжат жасап көрген емес. Мұның үстіне мемлекеттік сақтауға яғни архивке жыл сайын жаңа қорлармен толығып отырады. Бірақ қалпына келтіру мүмкіндіктері сол баяғыша, қарапайым қалпында қалып отырады. Бұл мәселені шешуге байланысты қазіргі көзқарас негізінде архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудегі саралап жіктеу, істі құжаттың құндылығына, тасымалдағыш пен мәтін ақауының түрлеріне оның қаншалықты ұзақтықта сақталу ықтималдығына қарай кәсіби тұрғыда қатаң іріктеп алу жұмысты ұйымдастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Бұл орайда олардың құндылық деңгейін, физикалық жай-күйін есепке алу керектігін айта кету керек. Құжаттарды сақтау мәселесі архив қоймасынан басталады деп есептейміз. Құжаттардың ұзақ әрі жақсы сақталуына температуралық-ылғалдылық режимі, ауаны және бөлмені шаңнан, зиянды микроорганизмдерден тазартып отыру, қойманы өрттен, судан қорғауға болып табылады. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудегі – ең маңызды фактор оны қайта қалпына келтіру. Ерекше және өте құнды құжаттарды «жоғары» сапада қайта қалпына келтіру үшін арнайы құралдар талап етіледі.

You may also like...