Қазақ АКСР-нің құрылғанына 100 жыл
1920 жылдың қазан айын дейін Қазақстан аумағындағы кеңестік органдарды басқару жөніндегі барлық билік Қырревком- Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттіің қолында болды. Оның билігі революциялық сипатта , Қазақстан Кеңестерінің съезі шақырылғанына дейін жүрді. Орынбор қаласында 1920 жылы қазанның 4-нен 12 дейін өткен Кеңестердің 1-съезі Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылғанын жариялайды. Үкіметті Халық комиссарлар Кеңесі мен Халық комиссариаттары құрды. Сонымен бірге олардың басшыларын тағайындады. Сөйтіп 1920 жылдың қазанында қазақ кеңестік мемлекеттігінің құрылғандығын ресми жариялады.
Республиканы басқару құрылымы шын мәнінде КСРО Орталық басқару органдарының құрылымын көшірді. Сондықтан органның өзі де жеке оның басшылары да Мәскеудегі сияқты- халық комиссариаттары және халық комиссарлары деп аталды.
Халкоматтар басшыларының құрамы жағынан ұлтына, жасына, біліміне қарай ала-құла болды. Ондағы барлық өзгерістер сол кезде қалыптасқан саяси талапқа сай жасалды. Алғашқы халкомдар білімдар, көпшілігі жоғары немесе арнаулы орта білімді еді.
1924 жылдары кадрлар елеулі түрде өсті. 1925 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болып Голощекин тағайындалды. 1933 жылы Голощекиннің орнына Л.Мирзоян келді.
Қорыта келгенде, 1920-1946 жылдары халық комиссариаты Кеңесінің еңбек және қорғаныс комитеті, жоспарлау комиссиясы төрағаларын қоса есептегенде Қазақстанда 182 халком қызмет орнын ауыстырған. 1939 жылға дейін 132 халком тағайындалса, оның 1937 жылға дейін 6-ы қайтыс болған. «Қызыл террор» заманында 74 халком қуғын-сүргінге ұшыраған екен.
Негізі: Жамбыл облысының мемлекеттік архиві, «Мұрағатшы» журналы, «Қазақ» энциклопедиясы, интернет беттері
Сурет интернет беттерінен алынды.