“ҚАРА МАРЖАН” ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН?
Қаратау қойнауындағы мол фосфор кенін игеру Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасқандығының белгісіндей еді. Осы тақырыпта қалам тербеген жазушы Шерхан Мұртаза Қаратау мен Жаңатастың кеншілерімен сан мәрте жүздесіп, олардың ерен еңбегін суреттеу арқылы “Қара маржан” романын дүниеге әкелді. Бұл романы үшін жазушы 1978 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.
“Қара маржан” романын жазу барысында жазушы Жамбыл қаласында, Ш.Уәлиханов атындағы кітапханада оқырмандармен жүздескен. Облыстық архивте сақталған мына сурет сол кездесуден түсірілген.
Суретте: Оң жақта – ақын Шырын Мамасерікова, жазушы Шерхан Мұртаза. Сол жақта – Айнагүл Мамытбаева, Гүлсара Әбитбекова (Ш.Уалиханов атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері). Екінші қатарда сол жақтан бірінші тұрған – белгілі сатирик ақын Толымбек Әлімбекұлы.
Негізі: Жамбыл облысының мемлекеттік архиві, Қ.73 Т.1 ж. Іс 822 (эл. құжат)