“ҚҰЖАТТАМАНЫ ЖАСАУ, ҚҰЖАТТАМАНЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ” АТТЫ ТАҚЫРЫПТА СЕМИНАР
Бүгін Жамбыл облысы мемлекетік архивінің Мәжіліс залында Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімінің қызметкерлері «Құжаттаманы жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы жүйелерін пайдалану» атты тақырыпта семинар өткізді. Іс-шараға архивке қарасты мекемелер, атап айтқанда атқарушы, өкілдік биліктің, сот, прокуратура, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, табиғи монополияларды реттеу мекемелері, орман және аң аулау, су шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларының мамандары қатысқан жалпы саны 50 қызметкерлерге түсіндіру сабақтары өткізілді. Өзге мекемелерге құжаттаманы дұрыс пайдалану бағытында мұндай семинар-сабақтар алдағы уақытта өз жалғасын табады.