Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару

image_pdfimage_print

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 20.09.2019 жылы сағ.10.00 де Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің қызметкерлерінің жүргізуімен «Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді. Семинарға біліміне бөлімі қарасты құрылымдық бөлімшелер, атап айтқанда, 37 мектеп, 57 балабақша және  «Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ-нің құрылымдық 7 бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

Семинар мақсаты: «Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару» және «Ұлттық архив қоры және архивтер» туралы Заңды  қолдана отырып, Ұлттық  архив қорын толықтыру  көздері – ұйымдар архивінің жиынтық  паспортын рәсімдеу тақырыптары бойынша Ведомстволық архив жұмысы және «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты мекемелерді құжатпен қамтамасыз ету бойынша ведомстволарға әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан көмек  көрсету.

You may also like...