«Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және құжат айналымы жүйелерін пайдалану» тақырыбында семинар

image_pdfimage_print

2019 жылдың 29 қаңтарында, Ұлттық архив қорының жинақтау көздері болып табылатын 58 мекеменің архивке жауапты және іс жүргізуші мамандарының, Меркі, Жуалы, Т.Рысқұлов, Байзақ аудандарының қызметкерлерінің қатысуымен «Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және құжат айналымы жүйелерін пайдалану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар барысында құжаттама жасау, құжаттарды дайындау мен рәсімдеу, құжаттаманы басқару, құжаттарды тіркеу тәртібімен, құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптар слайд арқылы таныстырылып, түсіндірілді. Барлық қатысушылар белсенді атсалысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Семинарға жергілік БАҚ өкілдері де қатысты.

You may also like...