ӘУЛИЕАТАНЫҢ КОМСОМОЛ ТАРИХЫНАН

image_pdfimage_print

1918 жылы Ресейде алғашқы комсомол ұясы дүниеге келді. Комсомолды ұйымдастырушылар Б.Атуев, Х.Чурин, Қ.Сахыбалиев, Ғ.Сұлтанов, Е.Сереченко, М.Кұжбанов, Н.Оперштейн, М.Шығаев, т.б. болды.

1918 жылдың 29 қазанында Мәскеуде Жұмысшы және шаруа жастарының I Бүкілресейлік съезі ашылды. Комсомол тарихы осы кезден басталады.
1919 жылы 9 желтоқсанда Әулиеата аудандық-қалалық болшевиктік партия комитеті комсомол ұйымын құру туралы қаулы қабылдап, комиссия құрамын бекітті. Құрамына 21 жасар болшевик Иван Прокудин кірді. Ол Әулиеата болшевиктік партия ұйымының төрағасы болды. Комсомол ұйымын құру туралы протоколға И.Прокудин, К.Стариков, Сорока қол қойды. Олар ең алғашқы комсомол жастары.

1920 жылы 21-25 қаңтарда ең алғашқы өлкелік коммунистік жастар одағының жиыны өтті. Жиынға 120 делегат қатысты. Съезд жастар арасындағы саяси басымдыққа мән берді.
Қазақ жастарының арсындағы ең алғашқы комсомол көшбасшысы Ғани Мұратбаев болды. 1921 жылы Әулиеата қаласындағы аудандық-қалалық комсомол комитеті К.Маркс атындағы клубта орналасты.

Аудандық-қалалық комитеттің жауапты хатшысы Софья Жукова болды. 1921 жылы 11 шілдеде Әулиеатада бірінші аудандық комитеттің коммунистік жастар одағы құрылды. Серкетарьі Адилова болды. Екінші аудандық комсомол секретарьі – Кравченко болды.

20 жылдардың басындағы комсомол Шевченконың өзінің естелігінде: «комсомолдар пионерлік ұйымдарда көшбасшы болып, аудандарда сауаттылықты жоюмен айналысты. Ауылдарды аралады. Барлығы мәдениеттің әскерлері болды. 20 жылдардың комсомолдарына ізденушілік, белсенділік, барлық іс-шараларға қатысуға деген ұмтылушылық болды».

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған