ӘУЛИЕАТА РАДИОСТАНЦИЯСЫ

image_pdfimage_print

Жамбыл облысының мемлекеттік архивіндегі құжаттарға сүйене отырып, Әулиеата радиостанциясы (радиоторабының) 1920 жылдан жұмыс істей бастағанын айта аламыз. Сол кездегі жергілікті радионың хабарлары өзінің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мұның өзі Әулиеата радиостанциясының ақпараттары берісі Түркістан АКСР-ның астанасы Ташкентпен, арысы Кеңес империясының орталығы Мәскеуден алып отыратындығын көрсетеді.
Әулиеата радиостанциясының алғашқы редакторы Торжов болған екен. Радиостанция жергілікті халыққа негізі бөлігін құрайтын орыс тілділерге арналған. Одан кейін редакторлық қызметке Луговский келді.
Ара тұра болса да, радио жаңалықтарында елді жайлаған аштық жайлы ақпараттар беріліп отырған. Өзге аймақтардан Астарханьға 50 вагон астық пен 100 вагон картоптың жіберілгендігі және аштыққа ұшыраған губерниялардан 40 вагон балалардың басқа жаққа әкетілгені туралы мәліметтер келтірген.
1924 жылғы межелеуден кейін Әулиеата радиостанциясы алғашында Сырдария, кейіннен Оңтүстік Қазақстан облыстары радио жүйесінің бір бөлігі ретінде қызмет атқарды.
Жамбыл облысы құрылғаннан кейін Қазақ радиосының құрамында Жамбыл облыстық радиокомитеті ретінде жұмыс істей бастады.
1951 жылы облрадиокомитет облыстық радиоақпарат редакциясы деп аталынды.
Облыстық атқару комитетінің 1958 жылдың 11 сәуіріндегі шешімімен облыстық радиоақпарат редакциясы халық депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитеті жанындағы радиохабарлары жөніндегі облыстық комитет болып қайта құрылды.
Негізі: Жамбыл облысының мемлекеттік архиві. Сурет интернет беттерінен алынған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған