Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты мемлекеттік мекемесінен хат келді

image_pdfimage_print
Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты мемлекеттік мекемесінен Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры К. Сәттібайұлына хат келді. Онда «Сізге Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Геттинген зерттеу орталығының арасындағы серіктестік туралы хаттаманың негізінде 2020 жылғы қазан айынан бастап жүзеге асырылып келе жатқан Қазақстандағы немістердің тарихы мен мәдениетіне қатысты бірлескен жобаны жүзеге асырудағы қолдауыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Осы уақытта атқарылған жұмыс нәтижесінде Қазақстанның орталық, облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтерінен ХІХ ғ. соңынан бергі кезеңде Қазақстанға көшірілген немесе күштеп қоныс аударылған неміс ұлтының өкілдеріне қатысты бірқатар архив құжаттары топтастырылды. Қазіргі уақытта осы құжаттар негізінде жоба аясында дайындау жоспарланған құжаттық жинақтар сериясының «Из истории депортации немцев Казахстана. 1941-1945 гг.» атты алғашқы кітабы баспаға дайындалуда. Кітап Ұлы Отан соғысы жылдарында немістердің Қазақстанға күштеп қоныс аударылуының 80 жылдығына орай шығарылады. Аталған жинаққа енген архив мекемелерінің құжаттары бойынша мәлімет қосымшада кесте түрінде беріліп отыр.
Сонымен қатар архив мекемелерінен жолданған құжаттардың сканкөшірмелері сол архивке сілтеме көрсетіле отырып, жоба аясында дайындалған «Қазақстан немістерінің тарихы мен мәдениеті» ақпараттық порталына (heimat.kz) орналастырылғанын жеткіземіз.
Жоба бойынша құжаттарды іздестіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Құжаттық жинақтар сериясының келесі кітаптарына ХІХ ғ. соңынан бастап 1941 жылға дейін және 1946-1991 жж. аралығындағы құжаттар енгізіледі деп жоспарлануда. Құжаттарды іздестірудің тиімділігін арттыру үшін аталған тақырып бойынша негізгі бағыттар, өзекті мәселелер және тақырыптар көрсетілген жадынама қосымша жолданып отыр.
Осы орайда Сізден Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің қорларынан жолданған құжаттарға қосымша ХІХ ғ. соңынан бастап 1991 жыл аралығында Қазақстан жеріне әртүрлі себептермен қоныс аударылған неміс ұлтының тарихы мен тағдырына қатысты архив құжаттарын іздестіруде септігіңізді тигізуіңізді сұраймыз» делінген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған