ҚАЙТА ТҮЛЕГЕН ТАРАЗ

image_pdfimage_print

Еліміздегі ең көне, шежіреге бай шаһардың бірі- Тараз. Қасиетті Алатау мен Қаратаудың тоғысатын тұсында орын тепкен Тараздың тарихы бай. Талас пен Аса өзендері арнасынан асып тасыған, жағалауы қалың ну-тоғай болған деседі. Ұлы Жібек жолындағы шаһарға ерте заманда Батыс пен Шығыстан керуендер үздіксіз қатынап жатқан. Жаугершілік заманда шапқыншылықты да бастан кешкен қилы-қилы тағдыры бар Тараз. Кешегі Кеңестік заманда уақыт талабына сай дамып облыс орталығына айналды.

Дегенмен Тәуелсіз Қазақстан шаһардың қарыштап өсуіне жол ашты. Бүгінгі Тараз тотыдайын таранған десек жарасады. оның қай жағына барсаңызда жүріп жатқан құрылысты көресіз. Көп қабатты тұрғын үйлер, жеке сектордағы жеке меншік тұрғын үйлердің құрылысы көңіл қуанады. Қаланың әр тұсынан соғылған айшықты мешіттердің еңселі ескерткіштері айқара ашық.

Тақтайдай тегіс жолдары, гүлмен көмкерілген бульварлар, көкке оранған саябақтар, мәдениет ошақтары мен спорттық алаңдар адамдардың емін-еркін тұрып демалуына жағдай жасалған. Сап түзеген зәулім ағаштар көше көркі. Бұрыңғы ескі базардың орнынан бой көтерген «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешені, Тараздың бай тарихынан сыр шерткендей. Күні кешеге дейін құлазып жатқан Тектұрмас биігі бүгінде тараздықтардың жиі баратын орнына айналған. Ежелгі Тараздың тарихын баян ететін ескерткіштер, тарихи көріністер осында орналасқан. Ал Батысында Қазақ хандығының туын тіккен Керей мен Жәнібекке арналған ескерткіш бой көтерді. Осының бәрі Тараздың жаңарып, даму үстінде екендігін айғақтайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған