ҚҰЖАТТАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ АРХИВІ АҚПАРАТТЫ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚ

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, ҰАҚ қалыптастыру, архивтерді және құжаттаманы тексеру бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Архив – 2025» бағытын негіздей отырып 2021 жылдың 26 ақпанында “Құжаттардың бірыңғай электронды архиві” АЖ тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты басқармаларға семинар сабақ өткізілді. Аталған семинарға ҚБЭА АЖ жауапты мамандар қатысты. Семинар барысында «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйесінің функциялары түсіндірілді. Семинардың негізгі мақсаты Е-Архив ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу қағидаларын түсіндіру және құжаттарды электронды түрге енгізу тиімділігін түсіндіру.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 50%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */