ҚҰЖАТТА ҚАТТАЛҒАН ҚОЛТАҢБА

Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының батыры батыр Бауыржан Момышұлын білмейтін адам кемде-кем. Оның жүріп өткен жолы, ерлігі көпке өнеге. Бауыржан Момышұлын қазіргі таңда жан-жақты, терең зерделеп, арнайы «Бауыржантану» орталықтары да жұмыс жасап тұр. Жамбыл облыстық мемлекеттік архивте батыр Баукең туралы мағлұматтар да бар. Ұлы Отан соғысына дейіңгі өмір жолына үңілсек, ол 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте мұғалім, кейінірек Жуалы адандық атқару комитетінде жауапты хатшы қызметтерін атқарып, 6 ай уақыт милицияда жұмыс атқарғаны бар. Жауапты хатшы қызметінде іскерлігімен, тиянақтылығымен ерекше көзге түседі. Сол қызметінің бір бөлшегі архивте де сақталыныпты. Жуалы аудандық атқару комитетінің 1930 жылғы құжаттарының арасында аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы Бауыржан Момышұлының қолы қойылған құжат сақтаулы. Сарғайған, көне құжат анық болмаса да «Момышев» деген жазу айқын, әрі қолтаңбасы қоюлы. Бұл да бір тарих қойнауынан шерткен сыр. Құжатта қатталған қолтаңба.

#gallery-1 { margin: auto; } #gallery-1 .gallery-item { float: left; margin-top: 10px; text-align: center; width: 100%; } #gallery-1 img { border: 2px solid #cfcfcf; } #gallery-1 .gallery-caption { margin-left: 0; } /* see gallery_shortcode() in wp-includes/media.php */